FOXidrinks

Франшизаның бүкіл жұмысы бір жүйеде: касса, смена, склад, ақша мен есеп. Бәрін өз кабинетіңізден көресіз.

Касса

Монобоктағы Foxi Kassa бағдарламасы. Кассир басқан сәтте тауар чекке түседі, кезек тоқтамайды.

Санат, сосын тауар
Суреттерімен үлкен батырмалар. Екі өлшемді сусын — екі баға батырмасы.
Кассирлер PIN-мен ауысады
Құрылғы бір рет кіреді. Әр чек кассирдің атынан жазылады.
Чекті кейінге қалдыру
Клиент ақша іздеп кетсе, чекті атымен сақтап, келесі адамға қызмет етесіз.
Купон мен акция бір басумен
Өз пайыздық акцияларыңыз төлем терезесінде тұрады. Қолма-қол, карта, аралас төлем.
Екі принтер
Клиенттің чегі және кассада қалатын көшірме. Принтер өшсе, қағаз бітсе, экран бірден айтады.
Возврат мен қайта басу
Сменаның чектері бір бетте. Возврат кассадағы ақшаны тексеріп барып жазылады.

Смена басынан аяғына дейін

Касса ақшаның әр қозғалысын жазады, сондықтан кешке ештеңені қолмен санап отырмайсыз.

  1. 1 Ашу Кассадағы ақшаны жазасыз. Кеше қалдырылған сома өзі толтырылады.
  2. 2 Сату Кассирлер PIN-мен ауысады. X-есепті кез келген уақытта басуға болады.
  3. 3 Ақша қозғалысы Инкассация, салым және кассадан төленген шығын — бәрі жазылады.
  4. 4 Жабу Санаған ақшаны жазасыз, айырмасы бірден көрінеді. Z-есеп принтерден шығады.

Склад

Сусын сатылған сайын оның шикізаты техкарта бойынша складтан өзі шығады.

  • Закуп: жеткізушінің жүкқағазы бір құжатпен енгізіледі
  • Бас кеңседен келген жүкті нақты келген санымен қабылдайсыз
  • Инвентаризация: бүкіл склад бір парақта, ауытқу теңгемен
  • Аз қалған шикізат қызыл белгімен, әр өзгерістің журналы бар

Ақша мен есеп

Не сатылды, қанша қалды, пайда қанша — бір кезеңді таңдасаңыз, барлық есеп соған жауап береді.

  • Сатылым, тауарлар, санаттар, ABC-талдау, кассирлер
  • Пайда мен food cost складтағы нақты себестоимость бойынша
  • Ақша қозғалысы: әр сменаның қалдығы мен айырмасы
  • P&L түсімнен таза пайдаға дейін, шығындар баптарымен
  • Excel-ге экспорт және басып шығару

Мәзір мен команда

Мәзір Бітіп қалған тауарды «Бүгінге жабу». Өз тауарларыңыз бен техкарталарыңызды қосасыз.
Команда Кассирлерді өзіңіз қосып, PIN бересіз. Кім қанша сатқаны аналитикада көрінеді.
Акциялар Купон мен пайыздық акцияларды өзіңіз ашасыз. Касса оларды жарты минутта көреді.

Кабинетке кіру

Барлығына бір есік. Логин мен құпия сөзді жазасыз, жүйе аккаунтыңызға қарай өз бетіңізді ашады.

Кіру

Логин мен құпия сөзді бас кеңсе береді.

  • Франчайзи Өз филиалыңыздың кабинеті: аналитика, склад, мәзір, қызметкерлер.
  • Бас кеңсе Барлық филиал бір жерде: салыстыру, каталог, отгрузкалар.
  • Главный склад Склад мен кеңсенің қызметкерлері өз панеліне түседі.

Біздің нүктелер